Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыдан Jibek Joly туристік пойызы үшінші рет жолға шығады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 ақпан

Биыл Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыдан Jibek Joly туристік пойызы үшінші рет жолға шығады, деп хабарлайды KAZINFORM.

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Jibek Joly» трансшекаралық теміржол турының жоспарларымен бөлісті.

- Бірінші туристік пойыз өткен жылдың соңында, екінші осы жылдың басында жол жүрді. Үшінші Әз-Наурыз мерекесіне тура келіп отыр. Жалпы бүгінге дейін 500-ге жуық саяхатшы тур билеттерін сатып алды. Онда тек жергілікті туристер емес, шетелдіктер де бар. Түркия, Қырғызстан, Украина және Ресей тұрғындары туристік пойызбен саяхаттады, - деді ол.

Даниел Сержанұлының айтуынша, бұл жолы бағдарға Орталық Азиядағы көне қалалардың бірі - Тараз қосылды. Наурыз айында «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағдары бойынша саяхатқа 300 турист аттанады. Халықаралық турдың ұзақтығы бес күн.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото