Отандық гуманоидты робот үздіксіз 134 баспалдаққа көтерілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 ақпан

19 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 ақпанда Ұлттық Инновациялық орталықтың «Тяньгун» роботы қайтадан жаңартылды. Ол 134 баспалдаққа үздіксіз өрмелеуге қол жеткізген әлемдегі алғашқы гуманоидты робот болды.

Жақында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс тобы «Тяньгунның» көру қабілетіне негізделген перцептивті жүруді жүзеге асырудың ерекше церебральді қабілетін одан әрі жетілдірді. Бұл оған үздіксіз көп сатылы баспалдақтарға өрмелеу мен биік-аласалық айырмашылығы 35СМ болатын қадамдарды кедергісіз басуына мүмкіндік берді.

Бұл ғана емес, «Тяньгунның» жүгіру жылдамдығы бастапқы 6 км/сағ-тан 12 км/сағ-қа дейін ұлғайтылды. Сөйтіп робот қарда да жоғары жылдамдықпен жүгіру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, ол бөгетке қарсылық қабілетін арттырып, қуатты сыртқы күштердің әсерінде де тепе-теңдікті сақтай алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото