Жыл амалының бірі - жаңбыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 ақпан

18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бәріңе сәлем! Мен саяхаттағанды жақсы көретін Сисимін! Бүгін - жаңбыр амалы. Бұл жиырма төрт жыл амалының екіншісі. Көктем лебіне тербеліп, Гуансидің Гуилинь қаласына келдім. Бұл жерде көктем енді басталыпты.

Жаңбыр амалы жауын-шашынның басталуын, жаңбырдың біртіндеп молаятынын білдіреді. Осы кезде әр сайдан аққан бұлақ Ли өзенінің арнасын толтырып, сыңғырлаған бұлақ үнінен көктем лебі еседі. Күн бірде суып, бірде жылып тұр, Ли өзенінде қайық есетіндерде көрінеді.

Жаңбыр, сондай-ақ «егін егу маусымы» деп те аталады, көктемгі жаңбыр жерді ылғалдандыып, қыс ұйқыдағы егіс атыздарын оятып, оларға жасыл желек жамылдырады. Жиырма төрт жыл амалы Қытайды нәрлендіріп қана қоймайды, сонымен бірге әлемге шапағатын төгеді. Ежелгі уақытта Жапония Қытайдан жыл амалдарын енгізіп, оларды жергілікті климатқа бейімдеп реттеген деседі. Жаңбыр амалы кезінде Жапондық фермерлер жаңа жылда егіннен мол өнім алу үшін суаруды бастайды.

Жаңбыр амалы күндерінде қышы гүлдейді. Гуилинь халқының ақпан айындағы егіндік арманы да қышы гүлінің алтын мезгілінен айырыла алмайды. Гуилинь қаласы Куанчжоу ауданындағы далаға толған қышы гүлдері қазір жайқалып тұр. Топырақтың хош иісі мен қышы гүлдерінің балғын иісі көктем самалымен оранып, ауадан көктемнің исі аңқиды.

«Мезгілмен жауған жаңбырым,

көктемнің шөлін қандырдың.

Себелеп жауып түнімен,

ыстығын бастың тандырдың»-, деп ақындарымыз жырлағандай, су барлығын ылғалдандырады әрі үміт силайды. Мен бұл көктемгі сәлемді алыстағы достарға жолдаймын. Осы үнсіз көктемгі жаңбыр сізге жылулық, сергектік және сәттілік сыйласын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото