Қазақстанның білім сапасы халықаралық аккредиттациядан өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 ақпан

Қазақстан Орта Азиядағы аккредиттацияланған жалғыз ел атанып, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін бағалаудың ұлттық құралы RCEC халықаралық сапа белгісін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ББЖМ ұлттық құралының халықаралық аккредитациядан өтуі оның сенімділігін, шынайылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. ББЖМ-нің барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты белгілі зерттеулерде қолданылатын ғылыми тәсілдерге негізделген.

Сонымен қатар аккредиттеу Қазақстанның Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бойынша бірлескен бастамаларға көшбасшылық етуіне бірегей мүмкіндіктерді береді

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото