- Барлық ақпарат
Алматы мен Қытайдың ірі қалалары арасындағы әуе бағыттары кеңейтілмек
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 ақпан
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Air China Limited әуе компаниясының төрағасы, China National Aviation Holding Company президенті Ма Чунсянь мырзамен кездесті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Кездесу барысында Алматы мен Қытайдың ірі қалалары арасындағы әуе қатынасын кеңейту, сондай-ақ туристік және іскерлік байланыстарды нығайту мәселесі сөз болды.
Іс-шара Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Бейжіңде өтті. Кездесудің негізгі нәтижесі – Алматы әкімдігі мен Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы Air China арасындағы рейстерді ашуға жәрдемдесу жөніндегі меморандумға қол қоюы болды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online