- Барлық ақпарат
Қазақстанның Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам көз жұмды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 ақпан
Қазақстанның Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.
«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, алдын ала мәліметке сәйкес корпорация кеніштеріне тән емес табиғи газдың жарылысы болған.
«Жомарт» кенішінде көз жұмған жеті жұмысшының да денесі табылды. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмысшылардың денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online