Қытайдағы алғашқы жасанды интеллект педиатры ресми түрде «жұмысқа шықты»

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 ақпан

17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 ақпанда Бейжіңдегі Ұлттық балалар медициналық орталығы мен Балалар ауруханасының консультациялық орталығында жасанды интеллект бойынша сарапшы педиатр ресми түрде «жұмысқа шығып», 13 педиатриялық сарапшымен бірге күрделі жағдайлар бойынша көпсалалы консультацияны аяқтады. Тілші Бейжің балалар ауруханасынан алған ақпаратына сәйкес, бұл елдегі жасанды интеллекттің алғашқы педиатры, ол күрделі және сирек кездесетін ауруларды диагностикалауға және емдеуге көмектеседі деп күтіліп отыр.

Бұл консультацияның тақырыбы 8 жасар бала болды. Ол үш апта бойы денесі тартылып, дірілдеген. Екі апта бұрын оның бас сүйегінің түбінен ісік байқалды. Оның себебі күрделі болғандықтан, әртүрлі аурухана әртүрлі диягноз бен емдеу амалдарын ұсынған. Бұл консультацияда жасанды интеллект педиатрлары және әртүрлі бөлімшелердің 13 танымал сарапшысы өте дәйекті ұсыныстар берді.

Ұлттық Балалар медициналық орталығының директоры және Бейжің Балалар ауруханасының деканы Ни Син: «Бұл жолы «жұмыста болған» жасанды интеллект педиатры Бейжің Балалар ауруханасы әзірлеп жатқан жасанды интеллект үлгісіндегі балалар денсаулығына арналған ауқымды өнімдердің бірі. Ол Бейжің Балалар ауруханасының 300-ден астам танымал педиатриялық сарапшыларының клиникалық тәжірибесін және сарапшылардың ондаған жылдар бойы жоғары сапалы медициналық жазбаларын біріктіреді», - деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото