- Барлық ақпарат
ШҚО бойынша «Қазсушар» филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда каналдардың бас құрылыстарын жабылып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерістен өтті. Су қоймаларында су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізіледі, нысандар қардан тазартылып жатыр. Көктемде, қажет болған жағдайда, қорғаныс бөгеттерін күшейту бойынша жер жұмыстары жүргізіледі. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған инертті материалдар қоры дайындалды.
Ақпан айында ТЖД және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп филиалдың су шаруашылығы нысандарының су тасқынына дайындығын анықтау үшін тексеріс жүргізіледі.
people.cn © People's Daily Online