13 ақпан күнгі Қысқы Азия ойындары жағдайы: Қытай құрамасы жалпы 32 алтын, 26 күміс және 24 қола жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 ақпан

14 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Харбиндегі Қысқы Азия ойындары 13 ақпан күні алты алтын медаль әкелді. Қытай құрамасы биатлоннан әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафетада алтын медаль жеңіп алды. Алтын медальдың жалпы саны 32-ге жетіп, 2011 жылғы Астана-Алматы Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алтын медаль саны бойынша орнатқан рекордқа жетті.

13 ақпан күнгі жағдай бойынша Қытай құрамасы жеңімпаздар кестесінде 32 алтын, 26 күміс және 24 қоламен көш бастап тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото