- Барлық ақпарат
Астанада мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау орталығы ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 ақпан
Rixos President Hotel қонақүйінде ART QALQA (AQ) мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау орталығы тұсаукесері өтті деп жазды KAZINFORM.
Орталықтың алғашқы іс-шарасы - суретші Әсемгүл Жанахметованың «Әлем – әйел жанарында» атты көрмесі болды. Суретші туындылары қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен заманауи сурет өнері элементтерін тоғыстырады.
Іс-шара шығармашылық саласындағы әйелдерді – жазушыларды, суретшілерді, музыканттарды, әртістерді және бизнес, үкімет, Парламент, елшіліктер мен республикалық, халықаралық ұйым өкілдерін бір шаңырақ астына жинады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online