Азиада-2025: Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 ақпан

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ Қысқы Азия ойындарының ерлер арасында биатлоннан жарыстар мәресіне жетті деп жазды KAZINFORM.

Ерлер арасында 7.5 шақырымға сырғанаудан командалық эстафетада Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев Қазақстан құрамасы сапында сынға түсті.

Жарыс қортындысында жігіттер 1 сағат 25 минут 18.7 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото