Путин Трамппен телефон арқылы сөйлесті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 ақпан

Ресей президенті Владимир Путин Америка лидері Дональд Трамппен телефон арқылы келіссөз жүргізді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Бұл Ресей мен АҚШ басшыларының соңғы үш жылдағы алғашқы сұхбаты болды. Ресей президенті Трамптың алдындағы Джо Байденмен соңғы рет дәл осы күні – 2022 жылдың 12 ақпанында сөйлескен.

Мемлекет басшыларының әңгімесі ұзаққа - 1,5 сағатқа созылды, - делінген хабарламада.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото