- Барлық ақпарат
Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы алтын және күміс медаль еншіледі
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 ақпан
Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды деп жазды ҚазАқпарат.
Ерлер арасында биатлоннан 10 шақырым спринт додасына Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес және Александр Мухин қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Киреев 29 минут 47.4 секунд нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Вадим Куралес мәре сызығын екінші кесіп, күміс жүлде алды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online