Алматыдан 7 ірі қалаға тікелей рейс ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 ақпан

Биыл Қазақстанның Алматы халықаралық әуежайы жаңа 7 бағытқа әуе рейстерін тасымалдауды бастамақ деп жазды ҚазАқпарат.

Енді қазақстандықтар Франкфурт (Германия), Шанхай (Қытай), Гуанчжоу (Қытай), Мумбай (Үндістан), Чэнду (Қытай), Нью-Йорк (АҚШ), Токио (Жапония) қалаларына Алматыдан тікелей ұшып бара алады. Бұл бағыттарға туристерді тасымалдау 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады деп айтылған.

Нәтижесінде шетелдік туристердің саны 630 мыңнан 1,8 млн адамға дейін артып, тағы 25,1 мың туризм саласының мамандары жұмыспен қамтылуы мүмкін деп болжады Қазақстандық БАҚ.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото