- Барлық ақпарат
Биыл Қытайда 2600 шақырым жаңа теміржол желісі пайдалануға беріледі
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 ақпан
11 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші бұл туралы Қытай Ұлттық теміржол тобы компаниясынан хабарлайды. Қаңтар айында ұлттық теміржолдың негізгі капиталына салынған инвестиция 43,9 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өсті. Осылайша теміржол құрылысы тәртіппен алға жылжып, жақсы бастамаға қол жеткізді.
Биыл теміржолдың негізгі капиталына салынған инвестициялар жақсы қарқынмен жалғасады деп күтіліп отыр. Ұлттық Теміржол тобы биыл 590 миллиард юань инфрақұрылымдық инвестицияларды аяқтауға және 2600 шақырым жаңа желілерді пайдалануға беруге ұмтылатынын айтты.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online