- Барлық ақпарат
Сычуань өлкесінің Ибинь қаласындағы тау көшкіні салдарынан 1 адам қаза тауып, 28 адам жоғалды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 ақпан
10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 ақпан күні болған Сычуань өлкесінің Ибинь қаласы Цзюньлянь ауданындағы тау көшкіні апатынан құтқару жұмыстары жалғасуда. 95 отбасынан барлығы 360-тан астам адам қауіпсіз жерге аман-есен орналастырылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен аудандағы қоғамдық байланыс желісі апатқа дейінгі қалыпты деңгейге толығымен келтірілді.
Тілшінің Сычуань өлкесі Ибинь қаласы «2·8» Цзюньлянь ауданының Геологиялық апаттан құтқару басшылығынан алған мәліметіне сәйкес, 9 ақпан күні сағат 11:00-дегі жағдайда көшкін зардабын алдын ала бағамдау нәтижесі бойынша, 10 жеке үй мен 1 өндірістік үй көшкін астында қалған. Апат салдарынан 1 адам қайтыс болып, 28 адам жоғалып, 2 адам жарақаттанған.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online