Лос-Анджелесте «Нэчжа 2» фильмінің Солтүстік Америкадағы премьерасы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 ақпан

10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлық «Нэчжа 2» анимациялық фильмінің Солтүстік Америкадағы премьерасы 8 ақпан күні АҚШ-тың Лос-Анджелес Голливуд TCL Қытай үлкен театрында өтті. Таныстырылымға жүздеген «Нэчжа» жанкүйерлері және Қытай мен Америка Құрама Штаттары киноиндустрия саласындағы белгілі тұлғалар қатысты. Фильм 14 ақпан күні Солтүстік Америка кинотеатрларында толығымен көрсетілімге шығады.

Қытайдың Лос-Анджелестегі Бас Консулдығының Бас консулының орынбасары Ли Чжэцян премьерада сөйлеген сөзінде «Нэчжа 2» Қытай нарығында оң нәтиже көрсетіп қана қоймай, Солтүстік Америкада және басқа да жерлерде көпшіліктің назарын аударғанын айтты. Ол Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасындағы кино және теледидар саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі ілгерілеп, көптеген американдық көрермендер Қытайды фильмдер арқылы түсініп, өзара достықтың нығаятынына үмітті екенін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото