Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 ақпан

2025 жылғы қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы – 1,4% өсті деп жазды Қазақстандық БАҚ.

Азық-түлік тауарларынан баға картопқа – 16,4%, қырыққабатқа – 8,8%, сарымсаққа – 6,4%, қиярға – 5,4%, жүзімге – 4,1%, тәтті бұрышқа– 3,9%, қызанаққа – 3,5%, сары майға – 4,1%, күнбағыс майына – 3,9%, тұздалған майшабаққа 3,4% өсті. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 1,5%, апельсинге – 0,8%, күрішке 0,6% байқалды.

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары бойынша ең жоғары өсім Жамбыл облысында – 2,1% өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото