- Барлық ақпарат
Қазақстандық шорт-трекші қыздар тағы бір күміс алды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 ақпан
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында Қазақстан делегациясының қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толықты деп жазды ҚазАқпарат.
Шорт-тректен Қазақстан қыздар құрамасы 3000 метрге командалық эстафета бәсекеде мәре сызығын екінші болып кесті.
Қазақстан құрамасы сапында Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек және Алина Әжғалиева жарыс жолына шықты.
Айта кетейік, бұл Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы бесінші жүлдесі.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online