Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 ақпан

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі деп жазды ҚазАқпарат.

Қазақстан құрамасы ерлер арасында 5000 метрден командалық эстафетадан чемпион атанды. Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов жарыс жолына шықты.

Айта кетейік, бұл Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азиа ойындарындағы алғашқы алтыны. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы осы спорт түрінен Азиадада тұңғыш рет алтын алып отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото