- Барлық ақпарат
2024 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысы 336 мың теңге
2024 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысы 336 мың теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың табысы 12,7%, ал бес жыл ішінде 91%-ке өсті, деп хабарлайды Sputnik.
Былтыр үшінші тоқсанда ең жоғары табысы бар өңірлер Астана (жан басына шаққанда орта есеппен 495,4 мың теңге), Қарағанды облысы (445,5 мың теңге), Алматы (443,5 мың теңге), сондай-ақ Шығыс Қазақстан (410,6 мың теңге) және Қостанай (400,7 мың теңге) облыстары болды.
Халықтың табысы аз аймақ - Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент.
Ақшалай шығыс 2024 жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққанда орташа есеппен 295,9 мың теңге болды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ке артық, ал бес жыл ішінде көрсеткіш 76,9%-ке өсті.
Халық шығыстарының жартысы азық-түлік тауарларына жұмсалды.
Өңірлік бөліністе былтыр Астана мен Алматы тұрғындарының ақшалай кірісінен шығыны шығыны көп болған. Одан кейін Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. Ақшаға ең аз шығындалатын облыс - Түркістан, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы.
people.cn © People's Daily Online