- Барлық ақпарат
ҚР Мемлекет басшысы Қазақстан бизнес өкілдерімен кездесті
ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойылған міндеттерді шешу жолында мемлекет пен ірі кәсіпорын иелерінің арасындағы нәтижелі серіктестіктің маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстандағы іскерлік ахуалды жақсарту – ең басты мақсаттардың бірі. Сондай-ақ ол Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.
Тоқаевтың пікірінше, тек бюджет қаржысымен экономиканы жаңғырту мүмкін емес. Аталған үдеріске банктердің бәрі атсалысқаны маңызды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты цифрландыру өзекті екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, бұл – бизнестің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ең тиімді жолы. Ал мемлекет үшін басы артық бюрократияны қысқартатын, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып, жалпы тиімділікті жақсартатын маңызды қадам.
people.cn © People's Daily Online