Үшінші Жеткізу тізбегі көрмесі шілде айында өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 ақпан

7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жеткізу тізбегі тақырыбына арналған әлемдегі алғашқы ұлттық деңгейдегі көрме ретінде Қытайдың Халықаралық Жеткізу тізбегін ілгерілету көрмесі бүкіл әлем ортақ игіліктенетін халықаралық қоғамдық өнімге айналды. Үшінші Жеткізу тізбегі көрмесін Бейжіңде 2025 жылдың 16-20 шілдесі аралығында өткізу жоспарланып отыр. Оның жалпы ауданы 120 000 шаршы метрді құрайды. Ол озық өндіріс тізбегі, таза энергия тізбегі, ақылды автомобильдер тізбегі, цифрлық технологиялар тізбегі, салауатты өмір салты тізбегі және жасыл ауыл шаруашылығы тізбегі сияқты алты ірі жеткізу тізбегі мен қызмет көрсету көрме аймағын ашады. Осы уақытқа дейін көрмеге қатысу үшін 200-ге жуық компания тіркелді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото