- Барлық ақпарат
Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік додада күміс жүлде алды
Дубайда бес күн бойы өткен «Тhe UAE SWAT Challenge 2025» арнайы жасақ олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам команда қатысты, деп хабарлайды KAZINFORM. Қазақстанның күштік құрылымдарының атынан 12 команда бақ сынады.
Жарыс барысында әлемнің үздік жауынгерлері шынайы операциялар негізінде жасалған бес күрделі кезеңнен өтті.
Тартысты турнирде қазақстандық команда жеделдік, ұйымшылдық, дәлдік және біліктіліктерін көрсетті.
ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» командасы үш кезеңде жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 2 алтын жүлде. Жалпы көрсеткіш бойынша «Сұңқар» сайыпқырандары жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Доданың екінші кезеңінде ҚР мемлекеттік күзет қызметінің «Sardar А» командасы «алтын» алса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Arystan Team» командасы екі кезеңде үздік үштіктен көрінді.
ҚР Ішкі істер министрлігі құрылымындағы «Tomiris» әйелдер командасы ерлермен қатар әлемдік жарыста ел намысын қорғап,
әйелдер командалары арасында 2-ші орынға ие болды.
people.cn © People's Daily Online