Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізуде

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 ақпан

Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

ҚР Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

ҚР Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі.

Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото