Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық орталық ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 ақпан

ҚР Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялауға арналған заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik.

Халықаралық орталық екі елдің шекара сызығының екі жағында орналасады. Жалпы ауданы - 1 шаршы шақырым.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, орталықтың ішкі және сыртқы инфрақұрылымын дамытуға қыруар қаржы бөлінеді.

«Қазіргі кезде 5 жобаға 100 миллион доллар табылды. Қазақстан өз тарапынан 50 миллиард теңге салады. Өзбекстан да одан аз ақша салмайды деп ойлаймыз. Олар жиһаз жинау және тағы басқа өнідістерді ашуға мүдделі», - деді Шаққалиев.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото