Қысқы Азия ойындарының алғашқы алтыны 8 ақпанда белгілі болады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 ақпан

5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылғы 9-ыншы Қысқы Азия ойындары 7 ақпанда басталады. Қысқы Азия ойындарының атқару комитеті тиісті жағдайды таныстыру мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді.

Осы Қысқы Азия ойындарында барлығы 6 негізгі жарыс, 11 қосалқы жарыс және 64 шағын жарыс ұйымдастырылады. Шайбалы хоккей және керлинг бойынша жарыстарға қатысатын командалардың көптігіне және халықаралық кешенді жарыстардың тәжірибесіне байланысты іс-шаралардың басталу уақыты сәйкесінше 3 және 4 ақпанға ауыстырылды. Сондықтан Қысқы Азия ойындары барлығы 12 күнге созылады. Аралас жұптық керлинг бойынша жарыс 4 ақпанда Қытай спорт делегациясы дебют жасайды. Қысқы Азия ойындарының алғашқы алтын медал иегері 8 ақпанда анықталады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото