2024 жылы Қытайдағы масштабтан жоғары салаларға қосылған құн өткен жылмен салыстырғанда 5,8% - ға артты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 қаңтар

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік кеңестің ақпараттық кеңсесінде 2024 жылы халық шаруашылығының жұмысын таныстыру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті. Есептерге сәйкес, ел бойынша масштабтан жоғары салаларға қосылған құн өткен жылмен салыстырғанда 5,8% - ға өскен.

Экономикалық категориялар тұрғысынан тау-кен өнеркәсібінің қосылған құны 3,1% - ға, өңдеу өнеркәсібі 6,1% - ға, электр, жылу, газ, су өндіру және жабдықтау салалары 5,3% - ға артты. Жабдықтарды өңдеу өнеркәсібінің қосылған құны 7,7%-ға, ал жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібінің қосылған құны 8,9% - ға өсті.

Өнім санаттары бойынша жаңа энергетикалық көліктердің, интегралды схемалардың және өнеркәсіптік роботтардың өндірісі сәйкесінше 38.7% - ға, 22.2%-ға, 14.2%-ға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото