Ұлттық Статистика бюросы: 2024 жылы халықтың жалпы саны азайды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 қаңтар

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық Статистика бюросы 2024 жылдың аяғында ел халқының саны 1,40828 миллиардты құрағанын хабарлады. Бұл өткен жылдың соңымен салыстырғанда 1,39 миллионға аз.

Бір жыл ішіндегі туу коэффициенті 9,54 млн., ал халық санына шаққандағы туу коэффициенті 6.77‰; өлім-жітім-10,93 млн., халық санына шаққандағы өлім-жітім 7,76‰; халықтың табиғи өсу қарқыны-мыңға шаққанда -0,99.

Гендерлік құрам бойынша ерлер саны 719,09 миллионға, ал әйелдер саны 689,19 миллионға жеткен. Ал жалпы халықтың жыныстық қатынасы 104,34 құрайды (әйелдер үшін 100).

Жас мөлшері бойынша 16-59 жас аралығындағы халық саны 857,98 миллион. Бұл ел халқының 60,9%-ы; 60 және одан жоғары жастағы халық саны 310,31 миллионды құрайды, бұл ел халқының 22,0%-ы. Осы көрсеткіштің ішінде 65 және одан жоғары жастағы халық саны 220,23 миллионға жетіп, ел халқының 15,6%-ын құраған.

Қала мен ауыл тұрғындарын салыстырғанда, қаланың тұрақты тұрғындарының саны 943,5 миллионды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,83 миллионға көп; ауылдың тұрақты тұрғындарының саны 464,78 миллионға жеткен. Бұл 12,22 миллионға аз. Қала халқы ел халқының 67,00%-ын құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото