- Барлық ақпарат
АҚШ-та RedNote танымал болды
16 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- «RedNote-пен» байланысты компаниялар акцияларының бағасы сейсенбі күні жоғарылады. Instagram стиліне ұқсас қытайлық әлеуметтік медиа платформасының қосымшасы болған RedNote Солтүстік Америкадағы Apple App Store тегін бағдарламалық құралды жүктеп алу рейтингінде бір мезгіл бірінші орынға шықты.
Штаб-пәтері Шанхайда орналасқан RedNote 2013 жылы құрылған және ол дамып Қытайдағы адамдардың өмір салтына арналған ең танымал әлеуметтік желілерінің бірі айналған.
14 қаңтар күні тілші RedNote-тан «Тикток босқындары» кілт сөзін енгізіп, осыған байланысты көптеген бейне тапты. Осы тақырып бойынша жалпы 220 миллион қаралым және 5 миллионға жуық пікірталас жинаған.
2024 жылдың сәуірінде АҚШ Президенті Джо Байден Конгресстің екі палатасы да қабылдаған заң жобасына қол қойды. Ол Тикток-тың бас компаниясы ByteDance-тен Тикток-ты қытайлық емес компанияларға 270 күн ішінде сатуды талап етті, әйтпесе осы жылдың 19 қаңтарынан кейін Америка Құрама Штаттарында оны қолдануға тыйым салынады деп айтылған. Бұл күн жақындаған сайын, америкалық желі қолданушылары қарым-қатынас жасау және күнделікті өміріндегі қызықты істерді бөлісу үшін RedNote-ты жүктеп, оған тіркелді.
Екі елдің желі қолданушылары арасындағы қызу пікір алмасуларды «Тикток босқындары» жазбасының астындағы пікір жазатын жерден көруге болады. Көптеген америкалық желі қолданушылары күнделікті өмірін көрсетумен қатар қытай тілін жақсы үйренуге уәде берді.
Соңғы жылдары Америка Құрама Штаттары ұлттық қауіпсіздік деген себеппен кеңінен қолданылып жатқан Тикток-ты АҚШ-та қолдануға тыйым саламыз деп үнемі қорқытып келді. АҚШ-тың сайланған Президенті Трамп Федералды жоғарғы сотты Тикток-ты мәжбүрлеп сату туралы бұйрықты тоқтата тұруға шақырды, осылай болғанда ғана ол қызметке кіріскеннен кейін келіссөздер арқылы келісімге келе алады. Тикток-тың Америка Құрама Штаттарында 170 миллионға дейін пайдаланушысы бар.
Америка Құрама Штаттарындағы негізгі бұқаралық ақпарат құралдары америкалық желі қолданушыларының RedNote-ке «қашуы» туралы көптеген хабарлама жасады.
Америкалық БАҚ Тикток қолданушыларының RedNote-ді бірге жүктеп алу туралы шешімі АҚШ үкіметіне наразылықтарын білдіруге бағытталғанын атап өтті. Теннесси штатының желі қолданушысы RedNote текшесінде АҚШ үкіметінің Тикток-ты неге ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін платформа деп санайтынын түсінбейтінін, RedNote «мәдениетаралық алмасулардың» қазынасына айналады деп үміттенетінін айтты.
people.cn © People's Daily Online