Бас Кеден басқармасы: 2024 жылы Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге импорты мен экспорты 6,4%-ға артты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 қаңтар

14 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Бас Кеден басқармасы директорының орынбасары Ван Линцзюнь 13 қаңтар күні өткен баспасөз мәслихатында 2024 жылы Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге импорты мен экспортының үлесі алғаш рет 50%-дан асқанын айтты. Өткен жылы Қытайдың осы жобаны бірлесіп салған елдерге импорты мен экспорты 6,4% - ға өсті. Бұл Қытайдың жалпы импорт-экспорт саласының 50,3%-ын құрайды. Экспорт пен импорт көрсеткіші сәйкесінше 9,6% және 2,7-ға жоғарылаған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото