- Барлық ақпарат
2024 жылы Қытайдың автомобиль өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 31,282 млн және 31,436 млн-ға жетті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 қаңтар
14 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Автомобиль өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 31,282 миллион және 31,436 миллион болды.
Жаңа энергетикалық көліктердің өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 12,888 миллион және 12,866 миллионды құрап, 5,859 миллион автомобиль экспортталды.
2024 жылы Қытайдың автомобиль өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді. 13 қаңтарда Қытайдың Автомобиль өнеркәсібі қауымдастығы соңғы мәліметтерді жариялады. «Екі жаңа» саясаттың үздіксіз демеуінің және автомобиль өнеркәсібінің жедел трансформациясының арқасында 2024 жылы Қытайдың автомобиль өндірісі де, сатылымы да 31 миллионнан асты. Олардың ішінде жаңа энергетикалық көліктердің өндірісі мен сатылымы 12,8 миллионнан асып, 10 жыл қатарынан әлемде бірінші орынды сақтады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online