Қысқы Азия ойындары алғаш рет 100% жасыл электр қуатымен қамтамасыз етіледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 қаңтар

3 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 31 желтоқсанда Харбинде өткен 9-ыншы Қысқы Азия ойындарының «жасыл қуат» келісіміне қол қою рәсімінен алған ақпаратқа сәйкес, Қысқы Азия ойындарының тарихында алғаш рет жарыс өтетін орын мен қосалқы құрылыстарды жөндеу және салу, сынақ матчы мен негізгі жарыс кезінде 100% «жасыл» электрмен жабдықтау жүзеге асырылады.

2024 жылдың шілдесінде 9-ыншы Қысқы Азия ойындарының «жасыл қуат» мәмілелерінің бірінші партиясы жүзеге асырылғаннан бері, Хэйлунцзян Электр энергетикалық сауда орталығы компаниясы Қысқы Азия ойындарының 11 «жасыл» энергетикалық мәмілесін ұйымдастырды, барлығы 56,76 миллион киловатт-сағат электр энергиясы сатылды.

«Жасыл» энергетиканың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік электр желісі Хэйлунцзян электр энергетикасы Қысқы Азия ойындарын қолдайтын 170 электр желісін нығайту жобасын жүзеге асыруға 800 миллион юаньнан астам инвестиция салды. Олардың барлығы аяқталып, пайдалануға берілді. Осылайша «жасыл» энергетикамен қамтамасыз етудің берік негізі қаланды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото