Қытайда азаматтық дрон аппаратының 1800-ден астам түрі тіркелген

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 желтоқсан

31 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 30 желтоқсанда өткен Төмен биіктіктегі өнеркәсіптік альянстың 2024 жылғы жұмыс кездесуінен алған ақпаратына сәйкес, Қытайдың төмен биіктіктегі өнеркәсібін басқару үнемі жетілдіріліп келеді. Осы уақытқа дейін Қытайда азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараттарының өнімі туралы ақпараттық жүйеде 600-ден астам компания,1800-ден астам өнім түрі тіркелген. Өнім саны 1,7 миллионнан асады. Соңғы жылдары Қытайдың дрон аппараттары өнеркәсібінің экономикалық ауқымы үздіксіз өскен. Төмен биіктіктегі өнеркәсіптік альянс жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында бүкіл ел бойынша азаматтық дрон аппараттарының жалпы ұшу уақыты 19,461 миллион сағатты құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға артық. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының логистика, ауыл шаруашылығы, метеорологиялық анықтау және басқа салаларда қолдану ауқымы барған сайын кеңейіп келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото