- Барлық ақпарат
Ақтау маңында ұшақ құлаған жерден екінші "қара жәшік" табылды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 желтоқсан
Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшыраған жерден құтқарушылар екінші тіркеуші құрылғыны тапты, деп хабарлады Sputnik Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаевтың сөзіне сілтеме жасап.
Абылайбек Ордабаевтың айтуынша, апат болған жерді тексеру аяқталуға жақын, оның аумағы 4 мың шаршы метрден астам. Зардап шеккендермен, қызметкерлермен және куәгерлермен сұхбат жүргізілді.
Сонымен қатар, көлік вице-министрі Талғат Ластаев жұма күні Қазақстанға Embraer өндіруші компаниясының өкілдері келетінін айтты. Олар екі жазу құрылғысының деректерін шифрлауға ат салысады.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан Әзербайжан әуе ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды. Қ
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online