Тоғыз ел БРИКС-пен серіктес болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 желтоқсан

25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин 24 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігінің кезекті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бергенде БРИКС отбасы жаңа серіктестермен толығып жатқанын, БРИКС ынтымақтастығының жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Сол күні Ресей БРИКС-пен серіктес елдердің тізімін жариялады. Индонезия, Малайзия, Таиланд, Беларусь, Боливия, Куба, Қазақстан, Өзбекстан және Уганда БРИКС-тің серіктестері атанды.

Мао Ниннің айтуынша, осы жылдың қазан айында Төраға Си Цзиньпин БРИКС саммитіне қатысып, БРИКС-тің басқа көшбасшыларымен бірге серіктес елдерді құру туралы маңызды консенсусқа қол жеткізді. Саммиттен кейін Қытай төрағалық етуші ел Ресеймен белсенді ынтымақтастықта болып, серіктес елдердің БРИКС-ке мүше мемлекеттермен жұмысына ықпал етті.

БРИКС отбасы серіктес елдермен толығуы, БРИКС механизмінің тартымдылығы мен ықпалы барған сайын айқындала түскенін және ол «Жаһандық Оңтүстікте» бірлік пен ынтымақтастықты ілгерілетудің маңызды платформасына айналғанын білдіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото