Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 желтоқсан

ҚР Көлік министрлігі Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағанын мәлімдеді. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды KAZINFORM.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.

Ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото