- Барлық ақпарат
Шетелдік қонақтар Бейжің қаласының қызметтік сенім телефоны платформасымен ішкерілей танысты
20 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қызметтік сенім телефоны бұқараның талаптарын қалай шешеді және ірі қаланы басқаруды қалай жүзеге асырады? 17 желтоқсанда әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік қонақтар Бейжің қаласының 12345 қызметтік сенім телефоны орталығына келді. Олар Бейжіңнің «Сенім телефоны арқылы қаланы басқарудағы өзгерістердің» тарихы мен тиімділігі туралы жергілікті сапарлармен, интерактивті тәжірибелермен ішкерілей танысты.
Мұнда 60-тан астам мемлекеттік қызметтің сенім телефондары 12345 платформасына біріктіріліп, «№ 1 жауапқа» қол жеткізу жүзеге асырылған. Енді қызметті пайдаланушылар азаматтардың сұранысына қажетті бөлімді табу үшін алаңдамайды. Яғни 12345 нөміріне қоңырау шалу арқылы мәселені оңай шеше алады.
12345 сенім телефоны тәулік бойы қосулы. Күніне орта есеппен 65000 жұмыс тапсырысын орындайды. Биылғы жылы орталыққа Бейжің қаласы азаматтарынан 24 миллион өтініш келіп түскен.
people.cn © People's Daily Online