- Барлық ақпарат
Шыңжаңдық ерлі-зайыпты фермерлердің мәдени жәдігерлерді қорғау сапары
19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Чжао Юн мен оның әйелі Ван Сюпин - Шыңжаңда мақта өсірумен айналысатын ерлі-зайыпты фермерлер. Олар өз әуестері мен табандылығының арқасында ежелгі қала жұртын қорғап қана қоймай, археологиялық қазбалар мен мәдени жәдігерлерді қалпына келтіруді үйренді.
Байырғы Далерт қаласы бір кездері ежелгі Жібек Жолының бойындағы қала болған. 2007 жылы Чжао Юн Шыңжаңның Бұратала қаласы Далерт жұртындағы мәдени жадігерлердің қорғаушысы болды. 2016 жылы археологиялық топ ежелгі Далерт қаласында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, ерлі-зайыптылар осы жұмысқа қатысты.
«Алғашында археологиялық жерлерде қара жұмыс істейтінмін, кейін қазуды үйрене бастадым, тіпті қыш ыдыстарды жөндеуді де үйрендім», - дейді Ван Сюпин. Ол кәсіпқойлардың жетекшілігімен екі жыл бойы мәдени жәдігерлерді жөндеуді үйренгенін және жүздеген қыш құмыралар мен қыш табақтарды жөндеп, қалпына келтіргенін айтты.
«Әйелім менен де мықты. Ол жөндеу жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар жұмысшылар арасында жетекшілік ете бастады. Қызметкерлерді бастап геодезия мен картаға түсіруге, барлау ашуға кірісіп, тіпті қол күректі пайдалануды, сызу және басқа да археологиялық қазба әдістерін жүргізуді меңгерді», - дейді Чжао Юн.
Чжао Юн мен оның әйелі мақта егу жылдан жылға жеңілдеп, мақта отырғызудан бастап егін жинауға дейін механикалық түрде жасалатынын, сондықтан археологияны үйренуге көп уақыттары бар екенін айтты. Археологиялық жұмыстарға қатысу кезінде Ван Сюпинге күн сайын қазу мен жөндеуден басқа қазба материалдарын реттеуге тура келеді.
Жаңадан табылған әрбір мәдени жәдігерлер олар туралы жазбалар парағына сәйкес келеді. Чжао Юн әйелімен бірге үнемі түннің бір уағына дейін осы жұмыстарды істейді.
2022 жылы Чжао Юн ежелгі қаладан Қытайдың «Зау» деген әріпі бар мәдени жәдігерді тапты. Чжао Юн осы мәдени жәдігердің табылған мәліметтерін дәл жазып алды, бұл археологтардың кейінгі зерттеулеріне маңызды ақпарат болды.
Мәдени туризм индустриясы - Шыңжаңда салынып жатқан тоғыз ірі негізгі өнеркәсіп кластерінің бірі. Бұратала қаласының үкіметі ежелгі Далерт қаласының қирандыларының айналасында археологиялық ескерткіштер саябағын тұрғызды, сонымен қатар ежелгі қала туралы көрме залының салынуы да аяқталды.
Чжао Юн мен оның әйелі ауыл тұрғындарының мәдени туризмді дамытудан көбірек пайда табатынына үміттенеді. «Біз мәдени жәдігерлерді қорғауда жақсы жұмыс істеп, оларды келесі ұрпаққа қалдырып, көптеген адамдардың туған жеріміз жайлы хабардар болуын қалаймыз», - дейді.
Фото:Синьхуа
people.cn © People's Daily Online