Биыл Қытай әуе қатынасындағы жолаушылар ағыны 700 миллионнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 желтоқсан

18 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Ұлттық Авиация басқармасынан алған ақпаратына сәйкес, 15 желтоқсандағы жағдай бойынша Қытай әуе компаниялары биылғы жылы 700 миллионнан астам (нақты алғанда 700,48 миллион) жолаушы тасымалдады. Сөйтіп, осы саладағы тасымалдың орташа тәуліктік көлемі 2 миллионнан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,1%-ға, 2019 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға өскен. Бұл Қытайдың азаматтық авиациясы дамуындағы рекордтық көрсеткішке жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото