Қытайдағы Шыңжаң фольклорлық өнері алғашқы маусымының жетістіктер көрмесі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 желтоқсан

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 15 желтоқсан күні кешке Шыңжаң Көркемөнер театрында Қытайдағы Шыңжаң фольклор өнері маусымы жетістіктерінің алғашқы көрмесі өтті. Мұнда «Манас пен Әлеманбеттің бауырластығы» дастаны, домбырада ойналған «Қара жорға», «Алмаханның тойы» топтық биі, «Шексіз өмір» перкуссиялық ансамблі және басқа да көрнекті музыкалық шығармалар жанды дауыста орындалды. Бұл ән шашуын көрермендер ерекше ықыласпен қабылдады.

Қытайдағы Шыңжаң фольклор өнерінің алғашқы маусымы осы жылдың 20 тамызында басталды. Оның негізгі түрлері халық музыкасы, би және күй бағдарламалары болды. Іс-шара барысында 532 халықтық сахна құрылды. Шыңжаңда 20000-нан астам фольклорлық өнер ұжымдары жұмылдырылып, барлығы 1668 әдеби-көркем іс-шара өткізілді.

Шара кезінде таңдалған 30 көрнекті бағдарлама 2025 жылдың мәдени маусымына бүкіл ел бойынша гастрольдік сапарға жолдама алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото