Қытай бүкіл ел бойынша жеке зейнетақыларға жеңілдетілген жеке табыс салығы саясатын жүзеге асырады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 желтоқсан

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік салық басқармасы «Бүкіл ел бойынша жеке зейнетақыларға жеңілдетілген жеке табыс салығы саясатын енгізу туралы хабарламасын» шығарды. Хабарландыруда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел бойынша жеке зейнетақыларға салықты кешіктіру тапсыру бойынша жеңілдікті саясат енгізілетіні анық көрсетілген.

Жеке зейнетақы жинақтары жүйесі 2022 жылдың қарашасында жұмыс істей бастады. Бейжің, Шанхай және Гуанчжоу сияқты 36 қала мен аймақта сынақ орындары бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото