Қазақстанда ішкі туристер саны алты млн адамға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 желтоқсан

Қазақстанда ішкі туристер саны алты млн адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агентті.

2024 жыл Қазақстан туризмі үшін айтулы жыл болды. 2024 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті. Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жуық көп. Оның ішінде шетелдік 969 мың турист орналастыру орындарына жайғасты. Бұл көрсеткіштер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мен туристік бағыт ретінде Қазақстанға қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото