Қазақстанда Тәуелсіздік күнінде Астанада отшашу болмайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 желтоқсан

ҚР Елорда әкімдігі «Тәуелсіздік күнінде Астанада отшашу ұйымдастырыла ма?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда тойланады. Бұл мерекеге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Дегенмен қалалық әкімдік отшашу болмайтынын алға тартты. Мейрамға орай бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады: 14, 15 және 16 желтоқсан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото