- Барлық ақпарат
Қытай көктем фестивалі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне сәтті енгізілді
5 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақытымен 4 желтоқсанда Парагвайдың Асунсьон қаласында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің кезекті 19-ыншы сессиясы өтті. Онда еліміздің «Көктем мерекесі – Қытай халқының дәстүрлі жаңа жылды мерекелеуінің әлеуметтік тәжірибесі» туралы өтініш қаралды. Нәтижесінде көктем фестивлі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілді.
Осы уақытқа дейін Қытайда барлығы 44 жоба ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.
Мыңдаған жылдар бойы көктем мерекесі көпшіліктің, отбасылар және елдер арасындағы сүйіспеншіліктің дәнекері болып келеді. Шетелдік байланыстардың кеңеюі арқасында Қытайдың көктем мерекесі бүкіл әлем қабылдайтын, мойындайтын және бағалайтын мәдени символға айналды.
people.cn © People's Daily Online