- Барлық ақпарат
Астанада соғым FEST өтеді
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 желтоқсан
Астанада 7-8 желтоқсан күндері Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын соғым FEST өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ сауда ойын-сауық орталығында осы күндері елорда тұрғындарының қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан, яғни Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және басқа да өнімдерді сатып ала алады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online