Такламакан шөлінің бос аумағындағы қорғаныс белдеуі толығымен тұтасты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 28 қараша

28 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қарашада түске дейін раушан көшеттері отырғызылып, топырағы тығыздалып, Такламакан шөлінің соңғы жиегі толық қоршалды. Бұл айналасы 285 шақырымдық Такламакан шөліндегі бос аумақты қоршау міндетінің аяқталғанын білдіреді. Демек бұл әлемдегі екінші үлкен жылжымалы шөл құрықталды деген сөз.

Такламакан шөлі 337 600 шаршы шақырым аумақты алып жатыр, жалпы жиегінің ұзындығы шамамен 3 046 шақырым. Ұрпақтарға созылған құмды тізгіндеу әрекеттерінен кейін, 2023 жылдың аяғында шөлдің айналасында шамамен 2 761 шақырымдық қорғаныс белдеуі құрылды. Дегенмен шөлдің оңтүстік шеті мен оңтүстік-шығыс шетіндегі оазис арасында әлі де 285 шақырымдық «саңылау» бар болатын, бұл қорғаныс белдеуін құрудағы ең «қатты жаңғақ» есептелетін.

Жел өткізбейтін және құм бекітетін қондырғылар құру, құрғақшылыққа және тұзды сілтіге төзімді өсімдіктерді отырғызу, құмды жердің экологиясын қалпына келтіру үшін, Шыңжаң жергілікті жағдайларға негізделген құммен күресу шараларын қабылдап, саясатты жіктеп қолданып, құммен ғылыми күресті, көптеген ресурсты біріктіріп, басқаруды үйлестіреді.

Қорғаныс белдеуін толық тұтастырудың сәтті аяқталуы экологиялық тосқауыл қызметін айтарлықтай күшейтіп, экономикалық және әлеуметтік дамудың берік кепілін қамтамасыз етті.

«Шыңжаң Такламакан шөлін жан-жақты тізгіндеу және бақылау жұмыстарын басты орынға қоюды жалғастырып, жергілікті ерекшелікке ие құм өнеркәсібін қарқынды дамытып, қорғаныс белдеуінің кеңдігін одан әрі ұлғайтады, еліміздің солтүстігінің экологиялық қауіпсіздік тосқауылы құрылысына берік негіз қалауға үлес қосады», - деді Автономиялық регионның орман шаруашылығы және шабындық бюросының директоры Тохты Рахман.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото