Қытайдан Алматыға сапарлаған туристер саны 40 мың адамды құраған

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 қараша

Қытайдан Алматыға сапарлаған туристер саны бірнеше есе артып, 40 мың адамды құраған, деп хабарлайды KAZINFORM .

ҚР Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға Қытайдан 40 мыңнан астам турист сапарлаы, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68%-ға көп.

Туризм басқармасы келтірген деректерге сүйенер болсақ, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға саяхаттаған туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға өсіп, 1 миллион адамнан асқан. Соның ішінде шетелдік туристер саны 15,6%-ға артып, 302,3 мың адамға жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото