Қытайда орманмен қамтылу деңгейі 25%-дан асып, әлемдегі жасылдандыруы ең қарқынды елге айналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қараша

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық орман шаруашылығы және шабындық басқармасының басшысы Гуан Чжиоу 23 қарашадағы Дүниежүзілік орман шаруашылығы конференциясында: 2023 жылдың соңына дейін Қытайдың орманмен қамтылу көрсеткіші 25 пайыздан, орман қорының көлемі 20 миллиард текше метрден, жылдық көміртегі раковиналар 1,2 миллиард тоннадан астамға жеткенін айтты. Сол сияқты қолдан отырғызылған орман көлемі 25% -дан асып, әлемдегі жасылдандыруы ең қарқынды елге айналғанын мәлімдеді. Қытай орман және шөп өнеркәсібінің жалпы өнім көлемі 9 триллион юаннан асып, ағаш пен бамбук өңдеу, орман өнімдері (азық), орман шаруашылығы, экологиялық туризмді қоса алғанда, жылдық өнім көлемі бір триллион юаннан асатын төрт негізгі саланы құрды. Сөйтіп, әлемдегі ең ірі орман өнімдерін өндіруші және тұтынушы елге айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото