Бакуден Сианға Қазақстан арқылы алғашқы контейнерлік пойыз аттанды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қараша

2024 жылғы 24 қарашада Қазақстан арқылы Бакуден (Әзірбайжан) Сианға (ҚХР) ТХКБ кері маршруты бойынша алғашқы контейнерлік пойызды іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Мұнай коксы бар 62 контейнерден тұратын пойыз «кері тиеу» шеңберінде Транскаспий көлік бағдары (ТХКБ) бойынша өтеді және бар болғаны 12 тәуліктің ішінде межелі жерге жетеді.

Сервисті «KTZ Express» АҚ («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) Xi’an Free Trade Port (ҚХР), Absheron Logistics және ADY Express (Әзірбайжан) серіктестіктерімен ұйымдастырды. Бұл бағыт Батыс пен Еуропа арасында жүктерді тиімді және жылдам тасымалдау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бүгінгі таңда TХКБ сенімді және қауіпсіз бағыт болып табылады, ол тасымалдау мерзімін қысқартып қана қоймай, жүктерді тасымалдаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осыған ұқсас жүк бұрын Трабзон порты арқылы автофурлармен жеткізіліп, кейіннен Қытайға теңіз арқылы тасымалданды, бұл 40 күннен астам уақытты алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото